Қызылорда облысында жалған маркамен 4376 арақ тәркіленді

631

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 4 376 дана арақ өнімдерін өткізу дерегін анықтады.  

Қызылорда облысында жалған маркамен 4376 арақ тәркіленді Фото: azattyq-ruhy.kz

Тексеріс барысында Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекенжайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2 647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімін сақтағаны анықталған, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алған. Жалған маркалы өнімдерді пайда табу мақсатында үстіне үстеме ақша қосып сату барысында құрықталған. Оқиға орнын тексеру барысында жалпы саны 4 376 дана арақ өнімі алынып, тиісті сараптама  тағайындалды.

Бұл факті бойынша  Қылмыстық кодекстің 233-бабы  2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Департаменттің мәлімдеуінше, тергеу талабына сәйкес әзірге басқа ақпараттар жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу