Қызылорда облысында жасөспірім жоғары сынып оқушыларының соққысынан көз жұмды

1162

Алған ауыр жарақаттан жасөспірім ауруханаға жетпей ажал құшқан.  

Қызылорда облысында жасөспірім жоғары сынып оқушыларының соққысынан көз жұмды Фото: видео скриншот

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-сыныптың оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның анасы жоғары сыныпта оқитын балалар ұлымды ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен дейді.

Оның айтуынша, 9-сыныптағы ұлы Ерасыл Төребай өткен сенбіде кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған балам көп ұзамай көз жұмды дейді марқұмның анасы.

“Осындай күйде қалдырып кетті ғой. Жылатып, жалғызымнан айырды. Балалардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған дейді. Сонда менің балам “Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы” деген. Соны естіп, біліп тұрып ұрған ғой. Ол әдейілеп істеп тұр, қасақана өлтірген”, – деді Ерасыл Төребайдың анасы Сәуле Жақсылықова.

Бұл жағдай ауыл тұрғындарын да дүр сілкіндірген. Алайда ауылда мұндай әлімжеттік баяғыдан бар дейді. 

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Күдікті ретінде 10-сыныптың екі оқушысы қамауға алынған. Тұрғындардың сөзінше, олардың бірі – мектеп директоры орынбасарының баласы. Сондықтан құзырлы орган өкілдері істі жылы жаппай, тергеу әділ өтсе дейді қара жамылған отбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу