Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі көлікті мас күйде айдаған

233

Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.  

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі көлікті мас күйде айдаған Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі көлікті мас күйде айдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Самара - Шымкент тасжолында болған. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу