Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"4 наурызында сағат 00:30 шамасында "Қызылорда-Жалағаш" тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында "Ваз-21214 Нива" маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Опель Вектра" автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды",– делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.
Жарақат алғандар қазір аудандық ауруханада.
Ал аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
"Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда",– дейді ведомстводан.