Қызылорда облысында жол апатынан 7 адам қайтыс болды

999

Қызылорда облысында жол апатына ұшыраған автобус жолаушыларына ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін "шұғыл желі" ашылды.

Қызылорда облысында жол апатынан 7 адам қайтыс болды

ТЖК сайтында хабарланғандай, қоңыраулар 8 (7172) 53-32-84, 32-24-59, 53-32-79 нөмірлері арқылы қабылданады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".  

Қазір зардап шеккен жолаушылар аудан мен облыстың орталық ауруханаларына жеткізілген.

Еске сала кетсек, бүгін таңғы 5:25 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 85-шақырымында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Автобуста 35 жолаушы болған, оның алтауы оқиға орнында қайтыс болып, бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. 28 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Қызылорда облысының ТЖД базасында шұғыл штаб ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу