Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

145

Екі адам жарақат алды. 

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы "Самара-Шымкент" тас жолының бойында болған. "Toyota Alphard" автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан. 

"Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу