Қызылорда облысының Қармақшы ауданында "Opel Vectra" маркалы көлік "Арал-Газ" газ құю бекетіне соғылып, соңы өрте ұласты. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық ІІД мәліметтері бойынша, апат 15 наурыз күні сағат 5:45-те болған. Жергілікті өрт сөндірушілер тілсіз жауды 50 минут ішінде сөндірді. Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері мен үш техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу