Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды

1741

Шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімінің 2-пункті бойынша (аса ірі көлемде қаражат ұрлау) іс қозғалып отыр. 

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамақта отыр. Бұл туралы облыстық сотқа сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды. 

28 наурыз күні елімізде алғаш рет өңірге әйел адам әкім болып тағайындалды. Гүлшара Әбдіқалықованың Қызылорданы басқаруға барғанынан бұрын, жұртты экс-әкімнің жұмбақ күйде орнын босатқаны таңқалдырды. Оның ұсталғандығы туралы айтыла бастады.

Қызылорда облыстық сотының бүгін берген мәлімдемесі бойынша, 28 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Қызылорданың мамандандырылған тергеу сотына Ысқақовты үй қамауына алу туралы өтініш жіберген болатын. Шенеунікке Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімінің 2-пункті бойынша (аса ірі көлемде қаражат ұрлау) іс қозғалып отыр. 

Экс-әкім 26 наурыздан бастап 26 мамырға дейін үй қамақта болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу