Қызылордада 2 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

366

Оқиға кезінде сәби үлкендердің қарауынсыз қалған. 

Қызылордада 2 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті Фото: el.kz

Қызылордада үшінші қабаттың терезесінен екі жасар қыз бала құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 шілде күні сағат 21:16-да 112 пультіне оқыс оқиға туралы хабарлама келген.

"Қаладағы Астана шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған  қыз құлап кеткен. Ол жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оқиға орнына жеткен департамент қызметкері мән-жайды анықтады", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте 7 жасар бала екінші қабаттан құлап, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу