Оқиға 19 желтоқсанда "Шымкент-Самара" тас жолының Қармақшы ауданының тұсындағы бөлігінде тіркелді. "Youtong" маркалы автобусы және "Nissan" жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
— Салдарынан "Nissan" жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу