Қызылорда қаласында 1 шілде күні "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлігі автобуспен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салдарынан ауыр дене жарақатын алған 2 бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Сондай-ақ балабақша тәрбиешісінің көмекшісі де ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған.
Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат бөліміне 4 бала келіп түсті. Екі баланың жағдайы тұрақты болып, олар толығымен тексеруден өтіп, амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қазір екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақсыз, – деп хабарлады Қызылорда облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнұр Өксікбаева.