Қызылордада бейнекамераның көмегімен жол ережесін бұзған екі мас жүргізуші анықталды

434

Ұсталғандар әкімшілік қамауға алынды. 

Қызылордада бейнекамераның көмегімен жол ережесін бұзған екі мас жүргізуші анықталды Фото: polisia.kz

Қызылордада бейнекамералардың көмегімен жол ережесін бұзған екі мас жүргізуші анықталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 22 мамыр күні болған. 

"Көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған екі көліктің жүргізушісі қалада орналасқан бейнекамераға түскен. Олар патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Тексеру барысында жол ережелерін бұзған жүргізушілердің алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндегені анықталып отыр", - делінген хабарламада.  

Екі тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы мен 593-бабы бойынша хаттама рәсімделіп, әкімшілік қамауға алынды. 

Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу