Өзіне тиесілі банк есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына берген тұрғын 20 000 теңге сыйақы алып отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
– Өз кезегінде, дроперлер алаяқтық схемаларда делдал ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі қызметі – заңсыз жолмен келген ақшаны қабылдау, оларды басқа банктік шоттарға аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беру.
Аталған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты заңнамамен кінәлі тұлғаларға айыппұлдан бастап 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.
Егер адам заңсыз схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Осы орайда, Қызылорда облысы прокуратурасы азаматтарды алаяқтық схемалардың құралына айналмауға және өзінің банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Бүгінде өзшотын үшінші тұлғаларға берген 5 азаматтың қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны белгілі болып отыр.