Қызылордада көктайғақ салдарынан 4 жол апаты болды

159

Полиция қызметкерлері тұрып қалған көліктерді өткізуде.

Қызылордада көктайғақ салдарынан 4 жол апаты болды Фото: Екатерина Сычкова / РИА URA.RU

Қолайсыз ауа-райы кезінде полицейлер 275 жүк көлігінің, 113 жеңіл және 12 қоғамдық көліктің жүргізушілеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шамамен 1000 адамға көмек берілді. Көктайғақ салдарынан 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол бойында қиын жағдайда қалған 500 жүргізушіге көмек көрсетті. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы 7 полиция экипажы кезекшілік атқарды", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтарды қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қысқы уақытта барынша сақ болуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу