Қызылордада жол көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір оқушы ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағат жанталасқан. Өкінішке қарай, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.
Жол апатынан қайтыс болған үш бала да қаладағы 12-ші мектептің оқушысы.
Еске сала кетсек, кеше орталық көшелердің бірінде иномаркалы автокөлік қатты жылдамдықпен келіп, Mercedes-ке ұрынып, артынан аялдамаға барып соғылған. Салдарынан бір үйдің екі баласы сол жерде тіл тартпай кетті.
Жол- көлік оқиғасы тіркелген жерде екі адам зардап шеккен. Олар қазір әртүрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Біреуінің жағдайы орташа, екіншісінің жағдайы ауыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде.