Қызылордада көлікпен көкпар ойынына кіріп кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

138

Қызылорда облысында көкпар кезінде жүргізуші көлікпен ойын алаңына кіріп кетіп, бірнеше жылқыны қаққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордада көлікпен көкпар ойынына кіріп кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданының Алғабас ауылында, жергілікті тұрғын ұйымдастырған көкпар кезінде болған.

"Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Оқиға бойынша бұзақылық дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді", – делінген департамент хабарламасында.

Полиция сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаға қатысқан барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарға ескерту жасады: "Кез келген спорттық немесе мәдени-бұқаралық іс-шараны өткізу үшін уәкілетті органдарды алдын ала хабардар ету қажет. Ұйымдастыру тәртібін бұзған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу