Қызылордада полиция "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
18 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде "Opel Vectra" көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 58 жастағы жүргізушінің алкоголь ішкені белгілі болды. Наркологиялық сараптама оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, көлігі айып тұрағына қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтап, мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу