Қызылордада оқушыны жезөкшелікке салған күдіктілердің бесеуі кәмелетке толмағандар

243

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты KAZINFORM басылымына сілтеме жасап.

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке салған күдіктілердің бесеуі кәмелетке толмағандар Фото: Абзал Қалиев

Қызылорда облысының Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда.

"Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне "үйқамаққа алу" бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның ішінде кәмелетке толмағандар саны – 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде", – деп жазылған министрлік жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу