Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Полицияның мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу