Қызылордада жасөспірім басқарған көлік жол апатына ұшырады

671

Бір жолаушы көз жұмып, үш адам зардап шекті.

Қызылордада жасөспірім басқарған көлік жол апатына ұшырады Фото: polisia.kz

Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім "Тойота" маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға бүгін, 4 мамыр күні сағат 02.45 шамасында болған. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұратын 17 жастағы жасөспірім "Тойота" маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.

"Жол апаты салдарынан 1 жолаушы қөз жұмып, қалған үшеуі (жүргізушімен қоса) жарақат алды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, оның соңы абайсызда адам өліміне әкеп соққаны көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды", деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Бұл жөнінде Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмаған балалар көлікті рұқсатсыз үйден түн мезгілінде айдап шығып, жол апатына ұшыраған. Жарақат алған балалар ем алуда. Жағдайлары бірқалыпты", деді бөлім басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу