Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыздың денесі судан табылды

Қаршадай қызды тұрғындар да бірнеше күн бойы жаппай іздеген еді.

Қызылордада жоғалған 6 жастағы қыздың денесі судан табылды Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Өкініштісі сол, із-түзсіз ғайып болған небәрі 6 жастағы Медина Мұратбекқызы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің алдын ала дерегінше, қыз баланың денесі "Әйтек" су торабынан ағыспен төмен қарай шамамен 30 шақырым жерден анықталған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Осыған дейін біз Медина Мұратбекқызының 5 маусым күні қас қарайған шақта Рисмаш ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмағанын жаздық. 

6 жастағы қызды іздестіру жұмысына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған болатын.

Іздестіру шаралары бірнеше күн бойы арнайы техника, дрондар, із кесуші иттер мен сүңгуірлердің және тұрғындардың қатысуымен жүргізілді. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу