Қызылордада 6 жасар баланы полиция және ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары 2 күн іздеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 жасар Альтаир Бахыт септиктен табылған.
"Бүгін сағат 11-де жеке үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды", - деп жазылды хабарламада.
Тергеуді облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бекторе жеке бақылауына алды. Ол Альтаирдің ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Қызылордада 6 жасар бала жоғалып кеткені хабарланған еді.