Қызылордада жол апатынан 4 адам көз жұмды

1331

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру шаралары басталды.

Қызылордада жол апатынан 4 адам көз жұмды

Кеше, қазанның 1-і күні Қызылордадағы "Эдельвейс" саяжайы маңында көліктер соқтығысып, адамдар мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтемемен 24.kz. 

"ВАЗ" бен "SNACMAN" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан үш адам қайтыс болды.

"Екі адам ауруханаға жеткізілген. Бүгінгі күнге медициналық мекемеге жатқызылған екі азаматтың біреуі қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру шаралары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу