Қызылордада жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Зардап шеккен бір адам оқиға орнында көз жұмып, 2-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.