Қызылордада жол апатынан жарақат алғандар көбейген

Өңірдегі жол апатына үй жануарлары да себеп болып отыр. 

Қызылордада жол апатынан жарақат алғандар көбейген Фото: газета.ру

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары да, одан жарақаттанғандардың да саны азаймай тұр. 
Биылғы тоғыз айдың есебі бойынша күрежол бойындағы оқыс оқиғадан қайтыс болғандар саны 15,6 пайызға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1, салдарынан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскенін айтты. Қайта одан жан тәсілім еткендер (15,6 пайыз) аз. Басты себеп – көлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтамауы. 

– Талдау барысында жол-көлік оқиғалары өсуінің басты себебі ретінде жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп сақтамауын айтуға болады. Сондай-ақ, "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" тасжолының Қызылорда мен Ақтөбе қалалары арасындағы 566 шақырымын тәулігіне 9 мың автокөлік жүріп өтеді. Дегенмен, республикалық маңызы бар тасжолы 2-категория ретінде бекітілген. Соңғы бес жылда тіркелген көлік құралдарының саны өсіп келеді, – дейді ол.

Ведомство тасжолдағы жол апатына үй жануарларының да себеп болатынын айтады. Мысалы, үй жануарлары 99 жол-көлік оқиғасына кесірін тигізген. Салдарынан екі адам қайтыс болып, 14 адам түрлі дене жарақатын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу