Қызылордалық полицейлер рульде отырып, есінен танған жас жігітті құтқарды

124

Сақшылар дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткен.    

Қызылордалық полицейлер рульде отырып, есінен танған жас жігітті құтқарды Фото: polisia.kz

Қызылордада патрульдік полицейлер көлік жүргізіп келе жатып есінен танып қалған жас жігітті құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Бақытжан Еңсебай мен Нұрбол Байжанов қызмет барысында жол жиегіне шығып кеткен көлікті байқаған. Көліктің дөңгелегі жарылғанын көріп, мән-жайды анықтау үшін көліктің жанына барады. Осы кезде олардың қасына бір әйел жүгіріп келіп, інісінің көлік жүргізу кезінде талмасы ұстап, ес-түссіз жатқанын айтып көмек сұрайды.

Оқиға орнында жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, 21 жастағы жігіттің есін жиғызып, оның өмірін сақтап қалды. Полицейлер жедел жәрдем қызметін шақырып, жігітті дәрігерлерге тапсырды.

"Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысы жас жігіттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген қиын сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Құтқарылған жігіттің анасы ұлын аман алып қалған полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу