"Өздеріңіз білесіздер, Арал ауданының шаруалары биыл құрғақшылықтан қатты зардап шекті. Біздің қолға тиген дерек бойынша, 559 бас мал шығын болған. Осыдан кейін аудан әкімдігінің төтенше жағдай жариялауына тура келді. Қазір мәселе ретімен шешіліп келеді. Облыстың бес ауданынан және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан мал азығы жеткізілетін болды. Ол үшін келісім жасалды. Мен жергілікті билікке осы мүмкіндікті пайдаланып, тез арада мал азығы қорын жинап алуды тапсырдым. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы әкімдігінің резервінен 250 млн теңге бөлінді, оның 49,5 млн теңгесі шөп таситын көлік шығынын көтеруге жұмсалады", - деп түйді шаруашылық басшыларымен кездескен Е.Қарашөкеев.
Бұл жағдай министрліктің тұрақты бақылауында болатынын айтты