Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында елдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қызылша жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оған қарсы барлық шара қабылдап отырмыз. Атап айтқанда, бүгінде 5 жасқа дейінгі 1,4 млн-ға жуық бала қосымша иммунизациядан өтті. Сонымен қатар 18 жасқа дейін вакцинациядан өтпеген балалар да екпе алып жатыр. Бұдан бөлек жоспарлы вакцинация да бар. Осының бәрі нәтиже берді. Егер де қызылша жағдайы өршіген уақыт – желтоқсан айымен салыстырар болсақ, қазір ай сайын алдыңға айға қарағанда қызылшамен ауырғандардың саны 30 пайызға азайып жатыр. Қызылша өршіген айға қарағанда сырқаттанушылық 2,2 есеге төмендеді", - деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кету керек, осыған дейін су астында қалған сібір жарасы көмілген жерлер туралы жазған болатынбыз.