Қызылша – ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі

3189

2022 жылы әлемде қызылшаның 155,5 мың жағдайы тіркелген.  

Қызылша – ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі Фото: gov.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі аймақтарында қызылшаның таралу қаупі бар. Өйткені COVID-19-ға қарсы иммундаумен қамтудың төмендеуіне және ауруды эпидемиялық бақылаудың төмендеуіне әкелді, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылшаны жұқтыру қаупі кімдерде жоғары?

  • Иммундаудан өтпеген жас балаларда қызылша ауруы және асқынулардың, соның ішінде өлімнің өршу қаупі жоғары, вакцинаға дейінгі қызылша дәуірі "балалық кезең обасы" деп аталған;
  • Вакцина алмаған жүкті әйелдерге де қауіп төнеді;
  • Иммунитеті жоқ кез келген адам – вакцина алмаған немесе одан кейін иммунитетті дамытпаған адам қызылшаны жұқтыруы мүмкін.

Аурудың сипаттамасы:

Қызылша - ең жылдам жұқпалы ауру.

Morbillivirus тұқымдас вирусынан пайда болған.

Бұл вирус негізінен ауа тамшылары арқылы таралады.

Вирус жұқтырған адамнан жабық бөлмеде 2 сағат ішінде (мысалы, кеңседегі тексеру бөлмелері) аэрозольді тамшы ядролары арқылы басқа адамға аурудың берілу жағдайы тіркелді.

Қызылшаның асқынуы:

Қызылшамен байланысты асқынулар көбінесе тыныс алу және/немесе ас қорыту жолдарымен байланысты: пневмония, круп, орташа отит, ауыз қуысының жарасы және диарея, бірақ сонымен бірге дене мүшелерінің құрысуы және энцефалитпен жалғасуы мүмкін.

Асқынулар, әсіресе аурудың ерте кезеңдерінде, қызылша инфекциясының тікелей салдары болуы мүмкін, бірақ бұл көп жағдайда бактериялық инфекцияның нәтижесі болып табылады.

Пневмония, отит және диарея сияқты бактериялық инфекциялардың жиілігі бөртпе пайда болғаннан кейін 2-3 аптадан кейін қатты өршиді.

Бүкіл әлемде қызылшаға қарсы вакцинаны қолдану бойынша мол тәжірибе жинақталды.

Вакцина - өте қауіпсіз және аурудан қорғанудың ең тиімді жолы.

Қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет вакцинациямен қамтудың өте жоғары деңгейі жағдайында ғана қалыптасады.

Қызылшаға қарсы вакцинаны тұрғындар тіркелген жері бойынша өз емханасынан алуына болады.

Айта кетейік, қызылша ауруы Қазақстанға да жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері қызылша жұқтырды деген күдікпен 11 облыста 56 науқас тіркелген. Қалған науқастар әлі тексеріліп жатыр. Жұқпалы ауру әсіресе балалар арасында тез таралуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу