Қызының өмірін сақтап қалған: Қарағандыда көлік ана мен баланы қағып кетті

151

33 жастағы әйел ауруханада жатыр, ал оның 4 жасар қызы үйге жіберілді.  

Қызының өмірін сақтап қалған: Қарағандыда көлік ана мен баланы қағып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды қаласында ана мен оның кішкентай баласын жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты eKaraganda-ға сілтеме жасап.

Желіде Майқұдықтағы жаяу жүргіншілер үшін реттелмейтін өткелде жеңіл көліктің ана мен баланы қағып кеткені туралы ақпарат тарады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 13 сәуір күні сағат 18:25 шамасында Магнитогорская көшесінде BMW автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі екі адамды қағып кеткен. Бейнежазбадан әйелдің баласы отырған арбаны итеріп жіберіп, оны аман алып қалғанын көруге болады.

Жол апаты салдарынан 33 жастағы әйел мен оның 4 жасар қызы ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланып отыр. Ал қыз бала амбулаторлық емге жіберілді, жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу