Ләззат Ибрагимова: Әлеуметтік банк инвесторлардың қызығушылығын тудыра алмайды

818

ТҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 2016 жылы жекешелендірудің кешенді жоспарына енген банктің неге сатылмай жатқанын түсіндірді.

Ләззат Ибрагимова: Әлеуметтік банк инвесторлардың қызығушылығын тудыра алмайды

Оның айтуынша, банктің әлеуметтік бағытты ұстанатындығы инвесторларды қызықтырмай отыр.

"Сондай-ақ талапқа сәйкес, банк жекешелендірілген күннің өзінде барлық әлеуметтік функцияларды сақтауға міндетті. Демек, депозиттік және кредиттік келісімшарттар қайта қарастырылмауы шарт және қайта қарастыру жоспарланып отырған жоқ. Оның үстіне жеңілдіктердің бәрі сақталуы керек. Сондықтан мұндай әлеуметтік банк инвесторлардың қызығушылығын тудыра алмайды", – дейді басқарма төрайымы.

Ләззат Ибрагимова несиенің төмен пайыздық мөлшерлемемен берілуі көп пайда тапқысы келетін инвесторлардың қызығушылығын төмендетеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу