Лейла Күленова Аймағамбетовтың балабақшаға қатысты есептері қате екенін айтты

631

Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың балаларды балабақшамен қамту туралы есептері дұрыс емес екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Лейла Күленова Аймағамбетовтың балабақшаға қатысты есептері қате екенін айтты

"Министр елімізде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 99%-ға жеткенін мәлімдеді. Ұлттық жобаға сәйкес, "Білімді ұлт" мектепке дейінгі біліммен қамту туралы есеп бермеуі керек еді! Ұлттық жобаның көрсеткіші мектепке дейінгі білім берумен "Сапалы қамту" деп аталады. Бұл бір-бірінен бөлек дүние", – деді Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова.

Сонымен қатар спикер "Білімді ұлт" ұлттық жобасы екінші жыл өтіп жатқанына қарамастан, министрліктің "Сапа" ұғымын анықтамағанын және заңнамаға енгізбегенін айтады.

"Біздің есебіміз қаланың 450-ге жуық қолданыстағы балабақшасына  қосымша әрқайсына 150 баладан орналастыратын 550 балабақша қажет екенін көретіп отыр. Біздің қалада 450 емес, 1 000 балабақша болуы керек. Сонда ғана балабақшамен қамту көрсеткіші 99%-ды құрайды", – деп нақтылады қауымдастық төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу