Қостанайда лифтте итті ұрған ер адам айыппұл төлейтін болды, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.
"Жүргізілген тексеру нәтижесінде ер адамның ит иесі екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 407-бабы бойынша "Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу" хаттамасы жасалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл баптың санкциясы жеке тұлғаларға 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұлды көздейді. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалған жағдайда айыппұл мөлшері 20 АЕК (69 000 теңге) болады.
Еске салайық, осыған дейін Қостанайда көпқабатты үйдің лифтінде ер адам итті аяусыз ұрғанын жазған болатынбыз.