Лимузиннің салығы қанша?

700

Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салық қай мөлшерлемемен есептеледі және қандай жағдайда өсімпұл есептелмейді?

Лимузиннің салығы қанша?

Қаржы министрлігі салық заңнамасына сәйкес лимузиндерге қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатынын, есептеу жүргізу барысында айлық есептік көрсеткіш қолданылатынын еске салды.

Көлік салығының мөлшерлемесі бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен және ел аумағына әкелінген күніне байланысты.

2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен немесе Қазақстан аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына мөлшерде салық салынады: 3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда – 15 АЕК, 4 000-нан жоғары – 117 АЕК.

2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге салық:

 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда – 35 АЕК,
 3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда  46 АЕК,
 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда  66 АЕК,
 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда  130 АЕК,
 5 000-нан жоғары – 200 АЕК.

Лимузиндер бойынша көлік құралдарына салықты есептеу көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Бұл норма 2011 жылдан бастап қолданылады.

Бұл ретте салықты қате есептеген жағдайда салық органы талап қою мерзімі (үш жыл) шегінде есептелген салық сомасын қайта қарауға құқылы.

Сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес, салық органы жеке тұлғалардан көлік құралдары салығының есептелген сомаларын қайта қараған кезде тиісті салық кезеңі үшін салық төлеу мерзімі басталғаннан кейін өсімпұл есептеу жүргізілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу