Ливанның төтенше көмек көрсету комитетінің бас хатшысы Мұхаммед Хейр Consolidated Contractors Company өкілдерінен "Теңіз" кен орнындағы төбелестен жарақат алған шетелдіктерге 15 күндік демалыс беруді сұрады.
Оның айтуынша, қазір Ливан тарапы жұмысшылардың барлық шығынын өтей алмайды. Осы орайда бұл мәселені шешуге ол CCC компаниясы басшылығын шақырды.
"Ливан премьер-министрі Саад Харири мен Қазақстан үкіметінің бірлесе жұмыс атқаруы елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі деп үміттенемін. Кейін Қазақстанға 500 ливандық жұмысшының қайта оралуы дұрыс шешім",– деді Мұхаммед Хейр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні "Теңізде" мыңға жуық қазақстандық жұмысшы ереуілге шықты. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болған. Фотоға Ливия азаматы Ели Дауд (Eli Daoud) пен қазақ қызы бірге түскен. Суреттегі көріністі намысқа тиеді деп есептеген жұмысшылар бас көтеріп, бірнеше араб қызметкерін соққыға жықты.
Табиғат Нұрболат