Ливанда жаңа премьер-министр болып, "Мустакбаль" сүниттер партиясының жетекшісі Саад Харири тағайындалды, деп хабарлайды Ливан президенті әкімшілігіне сілтеме берген Al Arabiya.
"Парламентпен өткізілген кеңестен кейін президент үкіметті басқаруды Саад Харириге сеніп тапсырды", делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кету керек, Саад Харири Ливанның 2005 жылғы теракт кезінде қаза тапқан бұрынғы премьер-министрі Рафик Хариридің ұлы.
Бұл туралы 24kz хабарлайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу