Ливанға пейджерлерді жеткізуші компания иесі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

466

Бұған дейін Тайвань Ливандағы пейджерлер жарылысына қатысы жоғын мәлімдеген болатын.

Ливанға пейджерлерді жеткізуші компания иесі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті Фото: газета.ру

"Ливанға пейджерлерді жеткізумен айналысады" делінген компанияның иесі, үндістандық 39 жастағы Норвегия азаматы Ринсон Йоси жарылыстардан кейін жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz британдық Daily Mail газетіне сілтеме жасап.

Тайваньдық пейджер өндірушісі Gold Apollo брендін пайдалануға лицензиясы бар Будапешттегі BAC компаниясы пейджер өндірісімен айналысатынын атап өтті.

Мажарстан үкіметі компанияның делдал екенін және пейджерлердің ешқашан елде болмағанын айтты. Келісімге болгариялық Norta Global Ltd компаниясы да қатысқаны хабарланды.

Басылымның мәліметінше, Norta Global компаниясының иесі – Rinson Xose.

Йоси сейсенбі күні алдын ала жоспарланған іссапарға кеткен деп айтылуда. Алайда оның негізгі жұмыс берушісі, норвегиялық NHST медиа конгломератының басшылығы содан бері онымен байланыса алмағандықтан сәрсенбі күні кешке Норвегияның қауіпсіздік қызметіне хабарласқан.

Осло полициясы келесі күні "ақпаратқа қатысты алдын ала тергеуді бастағанын" хабарлады.

17 және 18 қыркүйекте Ливанда Хезболла жауынгерлері қолданған пейджерлердің жаппай жарылысы болғанын еске саламыз.

Денсаулық сақтау министрлігі пейджерлердің жарылуы салдарынан 9 адамның, оның ішінде баланың қаза тапқаны туралы хабарлады. 2800-ге жуық адам жарақат алды, оның ішінде 200 адам ауыр жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу