Ливия үкіметі су тасқынынан қайтыс болғандар санын жариялады

544

Ел үкіметі ұсынған деректер бұған дейін БҰҰ жариялаған саннан әлде қайда аз. 

Ливия үкіметі су тасқынынан қайтыс болғандар санын жариялады Фото: apa.az

Ливияның Ұлттық бірлік үкіметінің денсаулық сақтау министрлігі елдің солтүстік-шығысындағы су тасқынынан 3252 адам қаза тапқанын хабарлады, ал БҰҰ 3,5 есе  көрсеткіш 11,3 мың жайлы мәлімдеме жасаған еді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қазір қаза тапқандар саны 3252", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Усман Абдель Джалил.

Ол барлық мүдделі тараптарды "министрлік жариялаған қаза тапқандар туралы ресми мәліметтерді қабылдауға" шақырды.

Өз тарапынан БҰҰ-ның Ливиядағы өкілдігі мәліметтері бойынша "Ливияның Дерна қаласында су тасқынынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жеткенін" растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу