Ливияда жоғалған уран табылды

437

Күні кеше ғана Ливияда 2,5 тонна уран сақталған 10 контейнер жоғалып кетті. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Рафаэль Гросси хабарлаған еді.    

Ливияда жоғалған уран табылды Фото: Фокус

Ал бүгін сол уран қоймадан небәрі 5 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Генерал Халед әл-Махжуб уран контейнерлері қоймадан небәрі 5 шақырым жерден табылғанын әлеуметтік желіде хабарлап, видео жариялаған.

Әл-Махжубтың айтуынша, уран бөшкелерін оны қару деп болжаған көрші Чад елінен келген қылмыскерлер ұрлап әкеткен болуы мүмкін. "Жағдай бақылауда, МАГАТЭ хабарланды", - деп атап өтті генерал.

Осыдан бір күн бұрын МАГАТЭ-нің атқарушы директоры Рафаэль Гросси "сары кек" сақталған он контейнердің жоғалғаны  Ливиядағы инспекция кезінде анықталғанын мәлімдеді.

Байытылған уран өте қауіпті, себебі ол ядролық қаруды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу