Трасс өзінің отставкаға кеткені туралы Король Чарльз III-ті хабардар еткенін айтты. Енді билік басындағы консервативті партия Үкіметті басқаратын көшбасшының жаңа сайлауын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.
Биліктегі 45 күн ішінде премьер-министр салық бастамаларына қатысты сынға ұшырап, Қаржы министрін ауыстыруға, тіпті, бюджеттік жоспарлардан бас тартуға мәжбүр болды.
Әлеуметтанулық зерттеулерге сенсек, Консерваторлардың танымалдығы соңғы апталарда Ұлыбритания тарихында алғаш ең төменгі деңгейге жеткен.
Трасс бес апта бұрын Консервативті партияның жетекшісі әрі премьер-министр болып сайланды. Енді жаңа премьер-министр сайланғанға дейін ғана өз қызметінде қалады.
Оппозициялық Лейбористік партияның жетекшісі Кир Стармер дереу жалпы сайлауды талап етті. Лиз Трасс бір апта ішінде консерваторлар өздерінің жаңа көшбасшысын сайлайтынын жеткізді.
Лиз Трасс небәрі 45 күн билікте басында отырды, бұл британдық премьер-министрі қызметінің ең қысқа мерзімі ретінде Ұлыбританияның тарихына жазылатын оқиға болды.