LRT "мұнараларын" BI Group компаниясы есебінен бұзуға дайынбыз – Рахымбаев

1996

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев компания есебінен LRT-ны демонтаждауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

LRT "мұнараларын" BI Group компаниясы есебінен бұзуға дайынбыз – Рахымбаев

"Маған Президенттің мына айтқандары ұнады: 10 күн ішінде ҰҚШҰ әскерін елден шығару; әскери күшті нығайту; білім деңгейін көтеру; "утильсбор" мәселесін шешу; шағын және орта бизнесті өркендету; реформа дайындау және қабылдау; LRT салмау!" - деді ол.

Рахымбаев болашаққа деген сенім мен үміт арта түскенін айтады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ" деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу