Lufthansa, SWISS және Austrian Airlines 9 ақпанға дейін Қытайға ұшуды тоқтатты

762

Алайда компания Гонконгке бағытталған рейстерді тоқтатпайды.

Lufthansa, SWISS және Austrian Airlines 9 ақпанға дейін Қытайға ұшуды тоқтатты

Lufthansa және оған еншілес SWISS мен Austrian Airlines компаниялары коронавирустың өршуіне байланысты 9 ақпанға дейін Қытайға ұшуды тоқтатты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"9 ақпанға дейін Қытайға ұшуды тоқтаттық", – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада. 

Алайда тасымалдаушы Гонконгке бағытталған рейстерді тоқтатпайды. Сонымен қатар жақын арадағы рейстер Қытайда билеттер брондап қойған азаматтарды алып кету үшін кестеге сәйкес орындалады. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайдан таралған коронавирустық инфекцияны 6078 адам жұқтырып, 170 адам көз жұмған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу