Луганск облысының басшысы Украинаның Қазақстандағы елшісі бола ма?

931

Қазақстан СІМ және Сергей Гайдайдың өзі дипмиссияның жаңа басшысының тағайындалуы туралы қауесетке түсініктеме берді.  

Луганск облысының басшысы Украинаның Қазақстандағы елшісі бола ма? Фото: censor.net

Сенат отырысы аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Василенко БАҚ-та Сергей Гайдайдың Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалуы туралы ақпаратты көргенін атап өтті.

"Әзірге Гайдай мырзаның Қазақстандағы елші болып тағайындалатыны немесе тағайындалмайтыны туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ кез-келген елдің елшісін басқа мемлекетке тағайындау рәсімі француздың келісім сөзінен шыққан агриманды алу рәсімін қарастырады, яғни алдын-ала хабар берілуі тиіс. Бұл жағдайда украиналық тарап қабылдаушы елдің келісімін сұрауы тиіс. Ал қабылдаушы тарап келісімін береді не ешқандай жауап қайтармайды. Дипломатияда үзілді-кесілді бас тарту құпталмайды, бұл әдеттегі рәсім", - деді ол.

Сонымен қатар, журналистер Украинаның Қазақстандағы елшілігі қазір жұмыс істеп жатқанын не қызметін тоқтатқаны жайлы нақты ақпарат беруді сұрады.

"Елшілік жұмыс істейді, бірақ оны уақытша елшілік ішіндегі адам басқарады. Мұндай функция Елші болмаған кезде келесі аға дипломатқа жүктеледі. Қазір Қазақстандағы Украина елшілігінің жағдайы осындай", - деп түйіндеді ол.

Ал Сергей Гайдайдың өзі соғыс басталғалы бері демалыссыз жұмыс істегенін айтып, әзірге жаңа тағайындау туралы хабар болмағанын жеткізді. Қазір шенеунік қызметінде үзіліс алғысы келеді.

"Әзірге ешқандай тағайындау болған жоқ", - деп түсіндірді Гайдай.

14 наурыз күні түстен кейін Гайдайдың Луганск басшысы қызметінен кеткені туралы ақпарат пайда болды. Халық депутаттары Алексей Гончаренко мен журналист Соня Кошкина мұндай шешім оның Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметіне тағайындалуына байлнасты деген болатын. Сол сәттен бастап БАҚ-та Сергей Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу