Мәдениет министрлігі журналист Индира Жылқайдарованың қазасына байланысты көңіл айтты

329

БАҚ өкілі соңғы жылдары ауыр дертпен күрескені белгілі болды. 

Мәдениет министрлігі журналист Индира Жылқайдарованың қазасына байланысты көңіл айтты Фото: 24.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Жылқайдарованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.

Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты.

– Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның журналистика саласындағы еңбегі кәсіби байқауларда да жоғары бағаланды. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу