МАГАТЭ ядролық нысанға келтірілген залалды алғаш рет мойындады

Иранның ядролық бақылау органы елдің ядролық отынын байыту зауытына келтірілген залал туралы жасырмай айтты.  

МАГАТЭ ядролық нысанға келтірілген залалды алғаш рет мойындады Фото: Риа Новости

Бұл АҚШ пен Израиль Иранға әскери шабуылын бастағаннан бері елдің ядролық нысандарына келтірілген зардапты бірінші рет растауы саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спутниктік суреттерге сілтеме жасаған халықаралық Атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметінше, Иранның ең осал ядролық қондырғыларының бірі – Натанзедегі отын байыту зауытының кіру ғимараты бүлінген.

Сонымен қатар, МАГАТЭ ешқандай радиологиялық салдар байқалмағанын және нысанның өзінде "қосымша әсер" анықталмағанын жеткізді. 

CNN арнасының Vantor кеңістіктік барлау компаниясының деректерін пайдалана отырып жүргізген кескін талдауына сай, сейсенбі күні таңертең спутниктік суреттерде үлкен қойма мен екі кішкентай екі қабатты ғимаратқа зақым келтірілгені бейнеленген. 

Бұған дейін АҚШ пен Израиль шабуылынан Иранның 800-ге жуық адамы жер жастанғаны хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу