Бас прокуратура бюджет қаржысының игерілуін тексеру барысында 6,4 миллиард теңгенің жоғалғанын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Магистральды су құбыры" кәсіпорнының бұрынғы бас директоры мен оның орынбасары күдікке ілінді. Бұл ұжым "ҚазТрансОйл" ұлттық компанияның еншілес мекемесі болып табылады.
Сонымен қатар, қылмыстық істің фигуранттары қатарында мердігер ұйымның өкілі мен жобалық ұйымның құрылтайшысы да бар.
Қазір іс сотқа жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу