Мағжан Әуезов ForteBank-тің тәуелсіз директоры болып сайланды

1138

Мағжан Әуезов ForteBank-тің тәуелсіз директоры болып сайланды

"ForteBank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысындағы шешімге сәйкес, Әуезов Мұхтар Мұратұлы банктің тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

Айта кетейік, 2016 жылдың сәуір айында Мағжан Әуезов Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы болып тағайындалған. Бұған дейін ол "Қазкоммерцбанк" АҚ-ны және "БТА Банк" АҚ-ны басқарған.

Сондай-ақ, осыдан дәл бір ай бұрын Мағжан Әуезовтың "ForteBank" АҚ-ны басқаруы мүмкін екені хабарланған болатын. Ал ҚҚҚ-ның баспасөз қызметі болса оның қазір қауымдастықты басқарып отырғанын айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарудан немесе нақтылаудан бас тартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу