Махачкала әуежайында жолаушы 54 алтын құйманы тығып өткізбек болған

407

Оның жалпы құны шамамен 142 млн рубльге бағаланды.

Махачкала әуежайында жолаушы 54 алтын құйманы тығып өткізбек болған Фото: eadaily.com

Махачкала әуежайында киім астына 28 келі алтын тығып, тасымалдауға тырысқан жолаушы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Шекара қызметінің мәліметінше, жолаушы металды арнайы корсетке жасырған, оған 54 қолдан жасалған алтын құйма салынған. Тәркіленген бағалы металдың құны шамамен 142 миллион рубльді құрайды, деп хабарлайды "Кавказ жотасы".

"Стратегиялық маңызды ресурстардың контрабандасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Контрабандист бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу