"Махрге менен умра сұрашы": Екі рет ажырасқан Жахан қайта үйленуге дайын екенін айтты

6236

Айтуынша, қасиетті мекенге барып құлшылық жасау күйзелісте жүргендер үшін керемет мүмкіндік.

"Махрге менен умра сұрашы": Екі рет ажырасқан Жахан қайта үйленуге дайын екенін айтты Фото: zhahan_utargaliyev

Актер Жахан Отарғалиев Меккеге қажылыққа аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол қажылыққа кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарына Медина қаласынан сәлем жолдады.

"Жүректің тыныштығы үшін аса ерекше әрі керемет жер. Әсіресе стрессте, күйзелісте жүрген адамдар болса, сіздерге таптырмас лайфхак. Міндетті түрде осы жаққа келіп, зәм-зәм ішіп, пайғамбарымыздың мешітінде намаз оқып кетіңіздер. Сол кезде жүректің тыныштығын ерекше сезінесіздер", – деді актер.

Сонымен қатар өнер иесі болашақ келіншегіне үндеу жасап, мәһрге умраға жолдама сұрауын өтінді.

"Армандауға болатын шығар? Бұйыртса, үйленгеннен кейін бірден келерміз. Болашақ менің келіншегім, егер дәл қазір осы видеоны көріп отырсаң, мәһрге менен умраға жолдама сұрашы. Өкінбейсің. Егер келген болсаң, тағы келуге тырысасың. Қалған заттардың барлығы болады", – деді Жахан Отарғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу