СҚО-ның Тайынша ауданында дәстүрлi Алқап күнi өттi. Шара аясында Ильичевка ауылындағы "Тайынша-Май" зауытында май тазартатын цех iске қосылды. Оның салтанатты ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен компания директоры Фан Лунг Фэй қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Бүгiн май тазартатын цех iске қосылды. Әрi қарай жұмыс iстеп, толық қуатына шығуға тырысамыз. Шикiзат өндiрушiлермен, кооперативтермен келiсiмге қол қойып, экспортқа жұмыс iстейтiн боламыз, сөйтiп мемлекетке де, кәсiпорынға да валюталық түсiм түсетiндей қылып, бiздiң қатынастарымыздың дамуына үлес қосамыз. Бүгiнгi күнi бұл — өнiмнiң осы түрi бойынша өндiрiстiң негiзгi бөлiгi. Әртүрлi саладағы басқа инвесторларды қосымша тарту арқылы кеспе, ет-сүт өнiмдерiн өңдеудi жолға қойғымыз келедi. Сосын оларды да экспорттауға болады", — дедi "Тайынша-Май" ЖШС-нiң директоры Сәкен Мұхамадиев.
Сәкен Мұхамадиевтiң сөзiне қарағанда, тазарту цехы химиялық емес, өнiм барлық қасиетiн сақтайды. Ол ҚХР-ға экспортталатын өнiмнiң эколгиялық жағынан таза болуын қамтамасыз етедi. Кәсiпорындағы өндiрiс iс жүзiнде автоматтандырылған. Зауыт бiр күнде 1000 тонна өнiмдi ұқсатады. Онда 70 адам жұмыспен қамтамасыз етiлген. Жаңа цехтың қуаттылығы тәлiгiне 400 тонна тазартылған өсiмдiк майын шығару.
Майлы дақылдардың рентабельдiлiгiн көтеру үшiн, дәйектi жұмыс қажет. Бүгiнгi күнi ол Қазақстандағы шикiзат өңдейтiн және май тазартатын ең iрi зауыт болып табылады", — дедi тұсаукесер рәсiмiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.